02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №350

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 8 сәуір, Астана қаласы «Ақпаратқа қол жеткізу және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 135 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, бұйырамын: 1. «Ақпаратқа қол жеткізу және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 135 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8470 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 24 шілдедегі № 176 (28115) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді; 2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Министр Ә.ИСЕКЕШЕВ
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше